Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да полярлық шұғыла қайталана ма? – сарапшының пікірі

СҚО-да полярлық шұғыла қайталана ма? – сарапшының пікірі

Қозыбаев университетінің профессоры, астроном Андрей Солодовниктің айтуынша, әуеде полярлық шұғыла жиі болып тұрады. Әсіресе мұндай құбылыс күн белсенділігі артатын шақта орын алады. Алайда, біздің ендіктеріміз үшін бұл – сирек кездесетін құбылыс, дейді QZ Media тілшісі.

“Қоңыржай ендіктерде шұғыла сирек кездеседі. Мысалы, бізде орта есеппен бес жылда бір рет байқалады. Бұл бірқатар факторлар сәйкес келген кезде ғана болады: геомагниттік белсенділіктің жоғарылауы. Яғни магнитосфераға әсер ету. Қазіргідей ашық түндерде байқалады. Негізінен бұл құбылысты ауыл тұрғындары көре алады, қалада жарыққа байланысты аса байқалмайды”,-дейді профессор.

Астроном біздің аймақта полярлық шұғыла бұрын да байқалғанын атап өтті. Құбылыстың ерекше ештеңесі жоқ екен.

“Бұл құбылыс адамдарды әрдайым өзінің керемет сұлулығымен тартады. Бірақ, екінші жағынан, сізді сергек болуға мәжбүр етеді, өйткені геомагниттік белсенділік кейбір адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді. Бұл әсіресе жүрек-қан тамырлары проблемалары бар адамдарға қатысты. Әсіресе күшті геомагниттік дауыл техногендік инфрақұрылымға, атап айтқанда, байланыс желілеріне, энергетикалық желілерге әсер етуі мүмкін. Адамзат тарихында мұндай жағдайлар үлкен энергетикалық желілер істен шыққан кезде болған. Қазір күн белсенділігі артып келеді. Күшті деп болжанбағанымен, күн соңғы кездері қалыпты режимде жүр, ал белсенділік циклі келесі максимум кезеңіне өтеді, сондықтан геомагниттік дауылдар мен жарқырау жиі кездеседі”, – деп толықтырды А.Солодовник.

Сондай-ақ, Андрей Солодовник полярлық шұғыла бүгін де қайталануы мүмкін екенін атап өтті.

 

 

Shares