Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сқо-да қызметтік иттер 100 келіден астам есірткі тәркілеуге көмектесті

Сқо-да қызметтік иттер 100 келіден астам есірткі тәркілеуге көмектесті

Облыстық автожолдарда полицейлер қызметтік-іздестіру иттері қатысатын көлікті тексеруден өткізеді. СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 1 маусымнан бастап өткізілетін “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Патрульдік полиция батальоны мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірге “төрт аяқты полицейлер” есірткі контрабандасының ықтимал фактілерін болдырмау үшін көліктерді тексереді. Осыған ұқсас жұмыстар пошта бөлімшелерінде, автовокзалда жүргізіледі. Құқық бұзушылар тыйым салынған заттарды қарай ораса да, иттің өткір иісті сезе алуы оларды анықтауға көмектеседі.

Осы жылдың мамыр айында полиция капитаны Болат Бекмағамбетовтің бастамасымен жүрген лабрадор Бэлла жеке үйді тінту кезінде қолданылды. Жұмыс барысында ол өсімдік тектес затпен полимерлі пакеттер жатқан жерді тауып алды. Үйдің аумағында Бэлла құрылыс қоқыстары мен ескі темір пештің астына жасырылған пакетті белгіледі. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттардың салмағы 6 кг-нан асатын марихуана және салмағы 49 гр болатын гашиш болып шықты.

“Бүгінгі таңда СҚО-да 50 қызметтік-іздестіру иттері қылмыспен күресуге көмектесуде. Оның 22 — сі кинологиялық қызмет орталығында, қалғандары қалалық басқармада және аудандық полиция бөлімдерінде ұсталуда. Әрқайсысы жеке “бағдарлама” бойынша оқытылған: із кесу жұмыстары, одорологиялық сараптама, есірткі заттарын іздеу және т.б. 9 ай ішінде 373 жағдайда қызметтік-іздестіру иттерімен “ыстық іздер” бойынша ауонша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды ашуда қолданылды. Қызметтік иттерді пайдалану арқылы 281 қылмыс, оның ішінде 121 ұрлық ашылды”,- деп хабарлайды СҚО ПД КҚО бастығы полиция майоры Самат Төлебаев.

Shares