СҚО-да шенеуніктер заңсыз жайылым берген
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жер қатынастары саласында талдау жүргізу барысында елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді заңсыз беруді анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«ЖАО лауазымды тұлғалары жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы көлемі 54 мың гектарды құрайтын ауыл маңындағы 348 жайылымдық жерді заңсыз берген. Сотқа талап-арыздарды жолдау арқылы қадағалаушы органдар 247 аумақты, яғни 38 мың гектарды қайтарды, қалған учаскелерде жұмыс жалғасуда», – деп хабарлады СҚО прокуратурасы.
Жайылымдардың тапшылығын жою мақсатында прокуратураның ұсынысы бойынша әкімдіктер елді мекендер маңындағы жер көлемін 114 мың гектарға ұлғайтты, сондай-ақ мұндай жұмыс агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен де жүргізіліп, меморандумдар жасалды.