Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да ұрлықты үйлестірген ауыл тұрғыны 6 жылға сотталды

СҚО-да ұрлықты үйлестірген ауыл тұрғыны 6 жылға сотталды

Жедел әрекеттің арқасында полицейлер үй тонау ұрлығын ашты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2022 жылдың қараша айында аудандардың бірінде кәсібін атқарып жүрген кәсіпкер тауар алу үшін Петропавлға жолға шығады. Қайтар жолда оған жұмыстан оралғанда белгісіз қылмыскердің үйге кіріп, сейфті бұзып, 6 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін анықтаған зайыбы қоңырау шалады. Ауылдастарының арасында мұндай ұрлық жасай алатын күдікті адам ойға келмеген. Көршілес үйлердің бірінен түсірілген жалғыз бейнежазба ұрыны анықтауға мүмкіндік бермепті. Үй иелерімен әңгімелесу барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Жерлестеріміздің көршісі әркез олардың қашан үйде болмайтынын бақылап жүрген екен.

Күдік расталды. Жәбірленушілердің көршісі сыбайласымен бірлесе үйді тонаған.

“Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның ұрлық жасауға қатысы бары анықталды. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны сыбайласын ақпараттандырып, іс-әрекетін үйлестіргені анықталды. Сот тергеудің дәлелдерін сенімді деп тауып, қатысушыларға ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 4-бөлігі  “Ұрлық” бойынша жаза тағайындады. Үкімге сәйкес, ауыл тұрғыны – 6 жылға, ал ұрлық жасаған Петропавл тұрғыны 9 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп хабарлайды СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

Shares