СҚО-ның қоғамдық кеңесі адамдарды мүшелікке шақырады
СҚО-ның қоғамдық кеңесіндегі 3 бос орынға 9 адам үміткер. Олардың ішінде қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, Халықтық партияның, Азаматтық альянстың, заң консультанттары палатасының өкілдері және кәсіпкерлер, жауынгер-интернационалистер бар, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Байқауға өңірдің қоғамдық өміріне мән бергісі келетіндердің барлығы қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 10 қарашаға дейін жалғасады.
Өтінішті, өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіби немесе қоғамдық қызмет туралы ақпаратты, жеке куәліктің көшірмесін ұсыну қажет. Құжаттар облыстық мәслихат ғимаратында Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 72а кабинетінде қабылданады. Байланыс телефоны: 46-75-89. Электрондық мекен жай: ossko@sqo.gov.kz; os-sko@mail.ru