Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО прокуратурасында жаңа тағайындаулар

СҚО прокуратурасында жаңа тағайындаулар

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының 5 қазандағы бұйрығымен үкімдердің орындалуын қадағалау бөлімінің бастығы болып кіші әділет кеңесшісі Жалмағамбетов Алмас Мағсұтұлы тағайындалды. Сондай-ақ, облыс прокурорының орынбасары қызыметіне – аға әділет кеңесшісі Ержанов Дәурен Тоқтарбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Алмас Жалмағамбетов құқық қорғау органдарындағы қызметін 2011 жылы бастаған. Ол тағайындауға дейін СҚО прокурорының көмекшісі қызметін атқарды. Оның жалпы еңбек өтілі – 14 жыл.

Дәурен Ержанов прокуратурадағы еңбек жолын 1997 жылы Ақмола облысы прокуратурасының бөлім прокуроры болып бастады.

1999-2022 жылдар аралығында Целинная көлік прокуратурасының авиациялық көлік прокуроры, Ақмола облысының Шортанды, Зеренді, Атбасар аудандарының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған.

2019 жылдан бастап Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 25 жыл.

Shares