Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО жолдарында 39 адам қаза тапты: тәртіп сақшылары 10 айға қорытынды жасады

СҚО жолдарында 39 адам қаза тапты: тәртіп сақшылары 10 айға қорытынды жасады

СҚО полицейлері облыс жолдарындағы адамдардың неліктен жиі көз жұматынын және жарақат алатынын айтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тәртіп сақшылары 10 айлық жұмысты қорытындылады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті міндеттердің бірі болып қала береді. Жыл басынан бері облыс аумағында 327 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 39 адам қаза тапқан, 463 адам жарақат алған. Апатты талдау деректері негізгі себеп көлік жүргізушілерінің төмен тәртібі екенін көрсетеді. Олардың кінәсінен 302 ЖКО орын алып, 38 адам қаза тапқан, 439 адам зардап шеккен. Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 1 адам қаза тапқан 25 ЖКО тіркелді. Апаттардың негізгі түрлері – жаяу жүргіншілерді соғу және көлікті қапталдан соғу.

“Жолдардағы апаттылықты азайту үшін полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Оқу жылының басында және одан кейін “Мектеп” ЖААШ шеңберінде патрульдеу маршруттары оқу орындарына жақындады. Қозғалыстың барлық қатысушыларынан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Жүргізушілер қиылысқа немесе жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетуі керек, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланбауы керек, қауіпсіздік белдіктерін тағу керек. Жаяу жүргіншілерге жолдың белгіленбеген жерінен немесе бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуге жол бермеу туралы еске саламыз. Қозғалыстың барлық қатысушылары ЖҚЕ сақтаса ғана жолдардағы қауіпсіздіктің кепілі бола алады”, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

 

Shares