Тәртіп сақшылары қаладағы мектептердің бірінен “күмәнді” зат тапты
Мектептегі күмәнді зат, дабыл батырмасын басу, балалар мен мұғалімдерді эвакуациялау – осындай сценарий бойынша солтүстікқазақстандық полицейлер басқа мүдделі қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, қаладағы білім ошақтарында оқу-жаттығулар өткізуде, деп хабарлайды QZ media тілшісі.
Петропавлдағы №32 мектепте күзетші аяқ киім қорабын байқап қалды. Жарылғыш құрылғының болуы мүмкін екендігі туралы хабарлама директорға хабарланады. Мектеп қызметкерлері дереу эвакуациялауды ұйымдастырды. 3 минуттан кейін барлық бала қауіпсіз қашықтыққа шығарылды. Күзет құрылымының қызметкерлері арнайы қызметтер келгенге дейін ғимарат ішіне ешкімнің кірмеуін қадағалады.
«Мектеп басшылығы мен қызметкерлерінің әрекеті жақсы деп бағаланды. Сондай-ақ ұстаздар қауымының балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі ерекше атап өтілді. Өйткені осындай сипаттағы оқиғалар орын алған жағдайда балалардың өз-өздерін ұстай білуі, бекітілген тәртіптерді сақтап, ұйымдасып, еш кедергісіз шығуы өте маңызды. Мектеп дәлізінде террористік қауіп туындаған жағдайдағы әрекеттер алгоритмі туралы көрнекі ақпарат та ілінген. Мұндай іс-шаралар басқа мектептерде де өткізілуде»,-дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшылығы.