Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тайынша ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді

Тайынша ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданында жұмыс бабымен болды, деп хабарлайды QZ.Media тілшісі.

Аймақ ауылында облыс әкімі «Memolux» серіктестігінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын қазір қоспажем зауыты, диірмен кешені және астық қоймасын салуда. Жобаның құны –  6,8 млрд теңге. 50 жұмыс орны ашылады. Компания қойма сыйымдылығын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтып, 1 миллион тоннаға жуық астық пен өңделген өнімді экспорттауды жоспарлап отыр.

Бұдан кейін өңір басшысы Ильичевка ауылында су тарату желілерінің құрылысын тексерді. Майлы дақылдарды өңдеумен айналысатын «Тайынша Май» серіктестігінде де болды.

Сондай-ақ, СҚО әкімі Келлеровка ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қарап, аудан орталығындағы қазандықтың жұмысын тексерді.

Shares