Тарихи сайлау: Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют ауданын әйел адам басқарады
Ел тарихында алғаш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Солтүстік Қазақстан облысында үш ауданда – Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарында сайлау өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Солтүстікқазақстандықтар жақын арада ауданды кім басқаратынын өздері таңдады.
Дауыс беруге 24 мыңнан астам сайлаушы қатысты. Аудан басшысы қызметіне барлығы 8 адам өтініш білдірген.
Сайлау нәтижесінде Есіл ауданын 1962 жылы туған Мұхамедияров Мереке Тілеужанұлы басқарды. Оған 8419 адам дауыс берген. Мамлют ауданынын 1972 жылы туған Елена Федоровна Степаненко басқаратын болды. Оған 6817 дауыс берілген. Тимирязев ауданы бойынша 1982 жылы туған Ерлан Қайырұлы Жаров әкім болып сайланды. Оған 3536 адам дауыс берген.