Тимирязев ауданының мектеп оқушылары «Закладчик. Расплата» фильмын тамашалады
Тимирязев аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, жергілікті мектеп-интернаттың 8-сынып оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар мектеп оқушыларына есірткінің зияны туралы айтып, статистикалық мәліметтерді жариялады, балаларға ақпараттық жаднамалар таратты. Жиын соңыда «Закладчик.Расплата» деректі фильмі көрсетілді. Көрсетілімнен кейін оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Фильмді түсіру барысында әйелдер мен ерлер колонияларындағы жазасын өтеушілер жоба авторларымен өз оқиғаларымен бөлісті. 2024 жылы есірткі сатумен айналысқан 50 адам сотталған. Бұл негізінен 17 мен 25 жас аралығындағы жастар.