ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері жалпы құны 85 млн теңгеге бағаланған 5 пәтерді заңсыз ұсынған
СҚО прокуратурасы жер учаскелерін және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін өткізу барысында тағы да пәтерлерді заңсыз ұсыну фактілерін анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Облыстық прокуратура хабарлағандай, Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары облыс орталығының бір тұрғынына жалпы сомасы 85 млн теңгеге бағаланған заңсыз 5 жайлы пәтерді одан алынған 39 млн теңгенің құрылыстарымен бірге жер учаскесі үшін берген.
Артынан жоғарыда аталған пәтерлер үшінші тұлғаларға сатылған. Қадағалау органымен сотқа пәтерлерді сату-сатып алу мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді. Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды.
“Басқа жағдайда, қала тұрғыны Заңның 109-бабының талаптарын бұза отыра құны 20,3 млн теңгені құрайтын жайлы пәтерін жекешелендіріп алған, алайда өзі сол пәтерде тұрмаған. Аталған әрекеттер тұрғын үй қорынан мемлекеттің мүлкін заңсыз шығаруға әкеліп соқтырды. Аталған факті бойынша бүгінгі күні Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, арнайы прокурорлармен тергеу әрекеттері жүргізілуде”, деп толықтырды прокурорлар.
Сонымен бірге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларымен рет-ретімен пәтерлерді ұсынғанда және тұрғын үй алуға кезекті түгендегенде жүйелі бұзушылықтарға жол берілген.