Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ұшақ апаты болған жерден Маңғыстау облыстық ауруханасына 29 зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды

Ұшақ апаты болған жерден Маңғыстау облыстық ауруханасына 29 зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды

Ақтау маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден 29 зардап шегуші облыстағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Оның ішінде 27 адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Медициан мекемелеріне жеткізілген 27 адамның 11-нің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала түсіп, ота жасауға дайындалуда.
Денсаулық сақтау министрлігі апат орнына 22 жедел жәрдем бригадасын, апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасын және төртінші жедел санаттағы 2 бригаданы жіберді.

Апат болған жерге Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың ұшып келгені белгілі. Соңғы мәліметтер бойынша сенім телефонына 272 қоңырау түскен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, төрт жолаушының қаза тапқаны расталды. Қалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Shares