Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Зақымдануға себеп – коллектордың тозуы

Зақымдануға себеп – коллектордың тозуы

Кеше, 18 қазанда Абай 86 мекенжайында диаметрі 800 миллиметрлік кәріз құбыры зақымданды. Қазір учаскеде суды сорып, төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін бірнеше топ жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл учаске шамамен 200 үйге қызмет көрсетеді. Коллектор жарылғаннан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары айтқандай, жертөлелерге су кірген. Алайда, мұндағы кінәні «Қызылжар су» ЖШС  мойындамай отыр.

«Бұл үйлерде ішкі кәріз жүйесі қапталмаған. Мұны ПИК пен МИБ жасау керек, су басқан жағдайда су жертөлеге кірмей, кәріз құдығынан шығуы қажет», – деп атап өтті «Қызылжар су» ЖШС кешен басшысы Вячеслав Визеров.

Бұл учаскедегі бірінші апат емес. Мәселе мынада, коллектор 1966 жылы салынған және оның қызмет ету мерзімі небәрі – 25 жыл. Компания тек 2019 жылы коллекторды ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге құжаттарды тапсырған. Құбырдың ескіргендігі жарылудың алдын ала себебі болып табылады, деп атап өтті жауаптылар. Нақты себебі әлі белгісіз.

Shares