Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Жарқын палитра»: Петропавлда мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды

«Жарқын палитра»: Петропавлда мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды

«Жарқын палитра» – осындай атаумен Петропавлда ЮНЕСКО клубының көркемсурет мектебі мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Ол жыл сайын өтеді. Шара Халықаралық мұғалімдер күніне орайластырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Көрмеге әртүрлі техникада жасалған 30-дан астам жұмыс қойылды. Әрбір картина мұғалімдердің дара ерекшеліктерін, көркемдік дарынын ашады. Қатысушылар көрмеге бірнеше ай бойы дайындалды.

«Маймен жұмыс істеу өте қызықты. Бұл өте жылы материал, мен оны мәңгілік деп айтар едім. Жүнмен жұмыс істеген де ұнайды. Онымен де қызықты жұмыстар шығаруға болады. Көрмеге кез-келген адам келіп, еңбектерді көре алады. Мен бұл көрмеге қатысқаныма қуаныштымын», – деді қатысушылардың бірі.

 

 

 

 

Shares