Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Желге ұшқан 427 млн теңге: бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер 7 жылға сотталды

Желге ұшқан 427 млн теңге: бюджет қаржысын жымқырған шенеуніктер 7 жылға сотталды

Ғ. Мүсірепов ауданы, жөнделуі тиіс жол, бөлінген 427 миллион теңге. Бұл мәселеге нүкте қойылды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, лауазымды тұлғаларға үкім шығарылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2022 жылы прокурорлық тексеріспен автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Анықталғандай, ауданның ТКШ бөлімінің басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптарына қайшы, автомобиль жолдарын жөндеуге 427 млн теңге көлемінде ақы төлеген, алайда жұмыстар нақты орындалмаған.

“Қадағалау органының материалдары бойынша СҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына, мердігер ұйымның директорына және техникалық қадағалау сарапшысына қатысты бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Ағымдағы жылғы 10 қазанда Петропавл қалалық сотының үкімімен аталған адамдар Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-тармағы 2-тармақшасымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды”,- деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Shares