Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » “Айналайын” вокалдық ұжымы Түркістанда өткен фестивалде Бас жүлде жеңіп алды

“Айналайын” вокалдық ұжымы Түркістанда өткен фестивалде Бас жүлде жеңіп алды

Үш күндік “Zhulduz Art Kazakhstan” ән фестивалі 23-25 наурыз аралығында Түркістан қаласында өтті. Онда Петропавлдың намысын “Айналайын” вокалдық ансамблі абыроймен қорғады. 27 наурыз күні теміржол вокзалында жас таланаттарды достары мен туыстары қарсы алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Мен әртүрлі жас санатындағы 25 баланы апардым. Кіші және аға буын Бас жүлдені, ал орта буын бірінші орынды иеленді. Солистер бірінші, екінші орындарға жайғасты. Бізде Стамбулдағы байқауға қатысуға шақырулар бар. Бұл шара сәуір айында болады. Жазда Қырғызстан мен Ташкентте байқау өтеді”, – деді “Айналайын” ансамблінің жетекшісі Ботагөз Мәметова.

Қоса кетейік, ансамбль әртістерінің Ташкентте, Мәскеуде және Францияда нәтижелі өнер көрсету тәжірибесі бар.

Shares