2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабар жалған болып шықты

Петропавлдағы Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабар жалған болып шықты

May 19, 2025 09:24

Бүгін түнде Петропавл қаласындағы Уәлиханов көшесі, 28-үйдің бесінші қабатындағы бөлмелердің бірінен түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері, жедел жәрдем және полиция қызметкерлері жетті, деп хабарлайды QZ News.

Алайда, жедел қызметтер келген кезде түтін туралы ақпарат расталмады. Өрт немесе түтіннің ешбір белгісі табылмады.

Осылайша, шақыру жалған болып шықты.

Shares