Облыстық қуыршақ театрында «Степной ноктюрн или между закатом и рассветом» қойылымы сахналанды
Премьера! Облыстық қуыршақ театрының сахнасында «Степной ноктюрн или между закатом и рассветом қойылымы сахналанды. Режиссер Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері Евгений Ибрагимов болды. Туынды 27 наурызда атап өтілетін Халықаралық театр күніне орай жұртшылыққа жол тартты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бұл біздің театрдың көптен бергі досы. Бұған дейін ол мұнда бірнеше спектакль қойған. Қойылым туралы қысқаша айту мүмкін емес. Бәріміз өз көзімізбен көруіміз керек. Біз тарихтың әртүрлі кезеңдеріне тоқталамыз. Алтын Орданың ыдырауы, Қазақ хандығының құрылуы, Ұлы Отан соғысы”, – деді облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасым.
Қойылымда актерлер сөйлеспейді. Спектакльде тек қимыл, мимика болады. Музыкалық сүйемелдеу қолданылады. Көрермендер актерлермен бірге сахнада болады, бұл да ерекшелік.
“Дайындық қиынға соқты, өйткені материал өте ұзақ уақыт ізделді, біздің тарихымыздың ең жарқын сәттері таңдалды. Менің ойымша, олар өте жемісті жұмыс жасады”, – деді облыстық қуыршақ театрының актері Сапар Мапенов.
Премьерадан кейін театр актерлері кәсіби мерекеге орай марапаттарға ие болды.