Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлда домбыра Party өтіп жатыр

Петропавлда домбыра Party өтіп жатыр

Петропавлдағы “QYZYLJAR АRT centre” алаңында домбыра Party өтіп жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жыл сайын Ұлттық домбыра күнін мерекелеуге арналған шараларға “Алуа” халық би ансамблінің әртістері қатысады. Ұжымның репертуарында домбыра қолданылатын би бар.

“Біз бұл нөмірді наурыз айында Ташкентте ұсындық, гран-при жеңіп алдық. Өз өнерімізді тек ҚР-да ғана емес, елден тыс жерлерде де көрсетіп жүрміз. Барлығын домбыра күнімен құттықтаймын! Жас ұрпақтың біздің мәдениетімізді, халқымыздың дәстүрлерін сақтағанын қалаймын”, – деді “Алуа” халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Жанна Темірбаева.

Shares