Петропавловск
+21°C
Главная страница » Туризм » Петропавлға келген туристер АЕК-тің 0,5 пайызын төлейді

Петропавлға келген туристер АЕК-тің 0,5 пайызын төлейді

Осы аптада СҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі жанындағы Туризм кеңесінің отырысы өтті. Жиында «Петропавл қаласында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы» қалалық мәслихат шешімінің жобасы талқыланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Шешім жобасында 2023 жылы шетелдіктер үшін туристік салық көлемін арттыру жазылған. Ұлғайтылған сомма АЕК-тің 0,5 пайызын құрайды. Ескерер жайт, егер шешім қабылданса, шетелдіктер үшін шығындардың «ауыртпалығы» кәсіпкерлердің – қонақ үй компанияларының, қонақүй иелерінің мойнына түседі.

«Петропавлда туристерді тартатын жер жоқ. Сондықтан, мен шетелдіктер үшін туристік салық көлемін көтеру туралы ұсынысты негізсіз деп санаймын және Солтүстік Қазақстан облысының рестораторлары мен отельерлері қауымдастығы атынан Петропавлда туристік салық ставкасын арттыру туралы шешіммен келіспейтінімізді білдіреміз,- деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының рестораторлары мен отельерлері қауымдастығының атқарушы директор Андрей Фролов өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Shares