Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Өңір полицейлері аралас жекпе жек және қысқы көпсайыс бойынша облыс чемпионы атанды

Өңір полицейлері аралас жекпе жек және қысқы көпсайыс бойынша облыс чемпионы атанды

Жаңа жылдағы алғашқы жеңісті СКО полиция департаментінің қоржынына аға лейтенант Жанат Кабдош пен полиция капитаны Ердәулет Сайдуллаев салды.Бұл туралы QZ News хабарлайды.

2 ақпанда департамент аппаратының қызметкерлері аралас жекпе жек бойынша облыс чемпионатына қатысып, өз салмақ дәрежелерінде (74 және 79 кг сәйкесінше) бірінші орындарға ие болды.

Ал олардың әріптесі, полиция лейтенанты Виктор Трегуб қысқы көпсайыс бойынша облыс чемпионатында екі дүркін жеңіске жетті. Ол 24-34 жас аралығындағы жас санатында бірінші орынды иеленіп, СКО бойынша осы спорт түрі бойынша абсолютті чемпион атанды.

Айта кетейік, осы чемпионатта полиция капитаны Ардак Хадесов спорт шеберіне үміткер нормативін орындады. Полиция қызметкерлерінің спорттық жетістіктері – бұл тек жақсы физикалық дайындықтың көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар басқа қызметкерлерге бос уақыттарын спорт пен саламатты өмір салтына арнауға керемет мотивация.

Shares