Петропавлда №7 мектептегі өрт ауыздықталды
Н. Назарбаев көшесі, 89 мекенжайындағы №7 орта мектепте электр жабдығында өрт шықты, деп хабарлайды QZ News.
Өрт сөндіру бөлімшелері шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, 30 минут ішінде 1 м² алаңдағы өртті толығымен сөндірді.
«Жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды ескертеміз!», — деп хабарлады СҚО ТЖД.