Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы балалар құқығын бұзған телеграмм-канал туралы пікір білдірді
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы балалар туралы ақпарат таратып жатқан телеграмм-каналдың пайда болуы туралы түсіндірді, деп хабарлайды QZ News.
Белгілі болғандай, телеграмм-канал 3 ақпан күні ашылған. Арнаға облыс орталығындағы әртүрлі мектеп оқушылары туралы бейәдеп сөздер айтылып,үздіксіз жаңартылып отырған.
«Әлеуметтік желілерді күнделікті мониторингтеу барысында анықталды. Облыс мектептері мен колледждерінде профилактикалық жұмыс күшейтілді. Петропавл қаласының білім бөлімінен полиция департаментіне ресми хаттар жолданып, көмек сұралды. Қазір Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментімен бірлесіп, арнаны жабу және оны жасаушыларды жауапқа тарту мәселесі пысықталуда. Ата-аналарды балаларының кіретін сайттарына назар аударуға және бақылауға шақырамыз», – деп хабарлады білім басқармасы.
Қазіргі уақытта аталған телеграмм-канал жабылған.