СҚО құтқарушылары Бескөл мен Петропавл тұрғындарына жедел көмек көрсетті
Тәулік ішінде Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары қиын жағдайға тап болған азаматтарға екі рет көмекке келді, деп хабарлайды QZ News.
Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында құтқарушылар саусағына сақина тұрып қалған әйелге көмек көрсетті. Арнайы құралдың көмегімен сақина ұқыпты әрі қауіпсіз түрде шешіліп, әйел еш жарақат алған жоқ.
Петропавл қаласында пәтердің кіреберіс есігін ашуға көмек сұраған қоңырау түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар апаттық-құтқару құралдарын пайдаланып, есікті сәтті ашты. Пәтер ішінде 1956 жылы туған ер адам болған.
Екі жағдайда да зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады.