Чехияда құндыздар екі күнде бөгет салған, билік оны келісу үшін жеті жыл уақыт жұмсады
Чехияның Брды қаласында құндыздар екі күннің ішінде бөгет салып, оның құрылысы бойынша ел билігі жеті жыл бойы келіссөз жүргізген, деп хабарлайды QZ News ČT24 телеарнасына сілтеме жасап.
«Құндыздар бірнеше жыл бойы жоспарланған аумақты қалпына келтіру жобасын аяқтады. Жануарлар салған бөгеттер аумақты батпақтандыруға мүмкіндік беріп, 30 миллион чех кронын үнемдеуге септігін тигізді», – деп хабарлады телеарна Facebook әлеуметтік желісінде.
ČT24 мәліметінше, жануарлар бөгетті салу үшін идеалды орын таңдаған – бұл аумақты құрғату үшін арналған дренажды канал. Жергілікті билік құрылысқа рұқсат алу бойынша дайындықты аяқтаған, бірақ құндыздар олардың алдын орап, тапсырманы рекордтық қысқа мерзімде орындап шықты.