Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми түрде тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми түрде тыйым салынды

June 30, 2025 19:30

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетті жабатын киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Енді мұндай киімдерді кию ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлайды QZ News Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бетті жасыратын киім киюге тыйым салу нормасы «Құқық қорғау қызметін, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және әлеуметтік қорғалу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілді.

«Қазақстан Республикасының заңдарында, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау кезінде, медициналық мақсатта, азаматтық қорғау үшін, ауа райының жағдайына байланысты, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қатысты жағдайларды қоспағанда, қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынады», – делінген заң мәтінінде.

Shares