Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда тұрғын үйде өрт шықты: 30 адам эвакуацияланды

Петропавлда тұрғын үйде өрт шықты: 30 адам эвакуацияланды

June 27, 2025 08:44

Петропавл қаласында Шажимбаев көшесіндегі тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен СҚО ТЖД құтқарушыларының шұғыл әрекетінің арқасында адам шығыны болған жоқ, деп хабарлайды QZ News.

Өрт тоғызыншы қабаттағы пәтерлердің бірінде шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, жалынды қысқа мерзім ішінде сөндірді.

«Құтқару операциясы барысында баспалдақ арқылы 30 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Shares