Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктер кілті табысталды

Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктер кілті табысталды

June 26, 2025 18:09

Петропавл қаласында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға барлық құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік қызметкерлерге лайықты марапаттар табыстады, деп хабарлайды QZ News.

Іс-шарада полицейлік әулеттер мен көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылды. Облыс әкімі қызметтік міндетін атқару кезінде, өрт сөндіру барысында қаза тапқан Алтынбек Әбдірахмановтың отбасына шынайы алғысын білдірді.

Мерекелік жиында солтүстікқазақстандық полицейлерге 32 жаңа қызметтік автокөліктің кілті тапсырылды. Бұл – полиция қызметінің жылдамдығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

«Сіздердің күн сайынғы еңбектеріңіз қоғамдағы тыныштықты қамтамасыз етіп, халықтың мемлекеттік құрылымдарға деген сенімін арттырады. Адал қызметтеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен антқа берік болуларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді облыс әкімі.

Shares