Петропавл полицейлері жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытқан жүргізушіні іздестіріп жатыр
5 қыркүйек күні сағат кешкі 21:50 шамасында облыс орталығында Назарбаев көшесінің бойында белгісіз көлік мінген белгісіз жүргізуші Hyundai көлігімен соқтығысқан, сонымен қатар Chevrolet көлігіне де соғылған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалап, 2.1.8 ҚР ӘҚБ «ЖКО болған жерден кету» бойынша заң бұзған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтау шараларын жүргізуде», – деп хабарлады СҚО ДП өкілдері.