«Солтүстік» ӘКК» АҚ 10 бірінші сынып оқушысына кеңсе тауарларын, ал жезқазғандық қызға мүгедектер арбасын сатып алуға көмектесті.
«Солтүстiк»ӘКК» АҚ 10 солтүстікқазақстандық балаға мектепке сөмке жинауға және жезқазғандық қызға мүгедектер арбасын сатып алуға көмектесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Тамыз айында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері «Мектепке жол» жобасы аясында бірінші сынып оқушыларына көмек көрсету туралы өтінішпен корпорацияға жүгінген. Өтініш хатқа 10 баланың тізімі ұсынылған, оның ішінде үшеуі – петропавлдық оқушы.
«Басқарма отырысында біз әрине, көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жалпы сомасы 400 мың теңгеден асатын сөмкелер мен кеңсе тауарларын сатып алуға конкурс өткіздік. Мектепке қажетті оқу құралдарының толық жиынтығы мен мектеп сөмкелері оқу жылы басталар алдында балаларға табыс етілді. Сонымен қатар, бізге «Spina Bifida Қоғамы» қоғамдық қорының өкілдері жезқазғандық кішкентай қызға мүгедектер арбасын алуға көмектесу туралы өтінішпен жүгінді. Олар белгілі бір соманы жинап қойған, отырыста арба сатып алуға да көмектесеміз деп шештік. 500 мың теңге бөлдік», – деп қосты корпорация өкілдері.