Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да бірнеше елді мекеннің атауы өзгереді

СҚО-да бірнеше елді мекеннің атауы өзгереді

Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінде облыстағы бірнеше елді мекеннің атауын өзгерту мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Qz Media тілшісі.

СҚО әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2023 жылғы 4 шілдедегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып, Айыртау ауданындағы екі ауылды – Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылын Қамсақты ауылына және Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылын Баянтай ауылына өзгерту жайлы қаулы әзірленді.

Сонымен қатар, Шал ақын ауданындағы Кривощековский ауылдық округі Арай ауылдық округіне және Кривощеково ауылы Арай ауылы бөліп өзгереді.

Shares