Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді

СҚО-ға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді

Солтүстік Қазақстан облысына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді. Ол ең алдымен Тимирязев ауданындағы «Ақсуат» станциясына тоқтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұқаралық әлеуметтік жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясымен, «Самұрық-Қазына» АҚ компания тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларын дамыту қорымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ынтымақтастықта іске асырылады.

Жоба еліміздің ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге бағытталған.

Пойызда келесі мамандықтағы дәрігерлер қабылдайды: хирург-травматолог, окулист, отоларинголог, невропатолог, стоматолог, кардиолог, гинеколог, педиатр, психолог, жалпы практика дәрігері және т.б. Сондай-ақ, көшпелі бригада келеді, ол аялдама кезінде аз қозғалатын азаматтардың тұратын үйіне барып қарайды.

Вагондар барлық қажетті жабдықтармен жабдықталғанын айта кету керек. Рентгенге түсуге, флюорографияға, кардиограммаға, барлық органдарды УЗИ-ге түсіруге және талдама тапсыруға болады. Науқас нәтижелерді сол күні, 40 минуттың ішінде алады.

«Саламатты Қазақстан» жобасы сақтандырудың немесе тіркеудің болуына қарамастан, халық үшін мүлдем тегін. Бүгінгі таңда дәрігерлер 30 мыңға жуық қазақстандықты қабылдады, пациенттердің 10% балалар. Ең көп сұранысқа ие мамандар – көз дәрігері, стоматолог, отоларинголог. Кейде бір дәрігер күніне 150-ден астам адамды қабылдайды.

«Саламатты Қазақстан» өңірде тағы бір апта болады және облыстың Қайранкөл (Жамбыл ауданы), Тайынша, Чкалов (Тайынша ауданы), Дәуіт (Ақжар ауданы), Қызыл-Ту (Уәлиханов ауданы) станцияларын аралайды.

Shares