СҚО тұрғыны полицияға бағынбағаны үшін 8 тәулікке қамалды
Ғабит Мүсірепов ауданының соты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған азамат П.-ның ісін қарады, деп хабарлайды QZ News.
Оқиға 2025 жылдың сәуір айында Новоишим ауылында болған. Ішкі істер органдары қызметкерлері сот отырысына мәжбүрлі түрде жеткізу үшін келгенде, азамат П. олардың талабын орындаудан бас тартқан.
«Сотта азамат П. кінәсін мойындады. Істің материалдарын зерттеп, тараптарды тыңдағаннан кейін сот Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігі бойынша оның кінәсі бар екенін анықтады. Аудандық соттың қаулысымен азамат П. 8 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ», – деді аудандық сотта.