Бескөл ауылындағы зардап шеккен үйлерді техникалық тексеру және бағалау үшін қосымша сарапшылар тартылуда
Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов Бескөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде су тасқынының салдарын жоюға қатысты мәселелер көтерілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Мәселелердің бірі – үйлерді техникалық тексеру және мүлікті бағалау жұмысының механизмі. Сарапшылар тәуелсіз екенін білу керек және шығарылған қорытынды үшін жауап беретін лицензиялары бар. Олардың жұмысының да мерзімі бекітілген.
“Бүгінгі таңда жұмысты жеделдету үшін қосымша сарапшылар тартылды. Сондай-ақ, материалдық залалды өтеу жөніндегі комиссия отырыстарының жұмысын жеделдету тапсырылды. Елді мекендердің су басатын аймақтарының шекарасын, “қызыл аймақ” деп аталатын төңірегін анықтау мәселесіне келейік. Бұл оңай шешілетін мәселе емес және бір күнде шешімін таппайды. Бұл мәселелердің барлығы құқықтық негізде қаралатын болады”, – деді аудандық әкімдікте