Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда полицейлер “Вороний островта” адасып кеткен қызды құтқарды

Петропавлда полицейлер “Вороний островта” адасып кеткен қызды құтқарды

29 маусым күні таңғы уақытта Петропавлдың 20 жастағы тұрғыны демалыс базасы маңында “Вороний островта” адасып кеткен. Кейінірек белгілі болғандай, ол жүкті танысына шақырылған жедел жәрдемді қарсы алмақ болып жолға шығып, жолдан жаңылған. Адасып кеткенін түсінген бойда полициядан көмек сұраған, деп хабарлайды QZ News.

Қыздың қоңырауы Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кезекшісіне түскен. Қыздың болжамды орналасқан жеріне Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының ең жақын экипаждары дереу жіберілді.

Пестрое көлінің орманды алқабы мен жағалау сызығын тексеру кезінде полицияның аға лейтенанты Бейбіт Кереев пен лейтенант Анатолий Божко көмек сұраған дауысты естіген. Суға малынып, тоңып қалған қыз батпақты учаскенің ортасындағы шағын аралда болған. Бейбіт Кереев суға түсіп, қызды аман-есен алып шыққан.

Shares