Петропавлдың 273 жылдығы: облыс орталығы тұрғындарына қандай мерекелік бағдарлама дайындалуда
13 шілде күні Петропавл қаласының 273 жылдығы аталып өтіледі. Осы атаулы мерекеге орай орталық алаңда танымал өнер адамдарының қатысуымен ауқымды мерекелік іс-шара өтеді. Бұл туралы халықпен есептік кездесуінде облыс орталығының әкімі Серік Мұхамедиев айтты, деп хабарлайды QZ News.
Мерекелік іс-шаралар негізгі күннен бірнеше күн бұрын басталады. 9 шілдеден бастап тұрғындарға мкзыкалық көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «Qyzyljar Music Fest» фестивалі өтеді.
«Сонымен қатар, мерекеге орай Пестрое көлінде дәстүрлі түрде көптеген қатысушыларды жинайтын жыл сайынғы бояулар фестивалі өтеді. Қала күні қарсаңында «Үздік аула» байқауы ұйымдастырылады. Барлық тұрғындарды осы іс-шараға белсенді қатысып, Петропавлды одан әрі көркейтуге шақырамыз», – деді қала әкімі.