СҚО-да Тараңғұл көлінде аударылған гидроциклден екі адам құтқарылды
Есіл ауданының Үлкен Тараңғұл көлінде ТЖМ қызметкерлері аударылған гидроциклдегі адамдарға көмек көрсетті, деп хабарлайды QZ News.
Жоспарлы патрульдеу кезінде құтқарушылар аударылған гидроцикл мен су бетінде екі адамды байқаған. Зардап шеккендерді көмек келгенше құтқару күртешесі аман сақтап қалған.
«ТЖМ қызметкерлері гидроциклді қайта іске қосып, адамдарды аман-есен жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ», – деп хабарлады ҚР ТЖМ.