Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО ПД бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары тағайындалды

СҚО ПД бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымына полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Асқар Мұратұлы Мұхаметқалиев 1983 жылы 2 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2000 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Еңбек жолын жедел уәкіл қызметінен бастаған. Әр жылдары әртүрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Соңғы екі жыл шамасында ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Shares