Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері Ресей азаматына жүк көлігін жөндеуге көмектесті

СҚО полицейлері Ресей азаматына жүк көлігін жөндеуге көмектесті

“Жезқазған — Петропавл” тас жолының 689 шақырымында ППБ қызметкерлері Асхат Қайыржанов пен Қайрат Мұқатаев патрульдеу барысында “Volvo” ауыр жүк көлігін байқап қалады. Жүргізуші – Ресей Федерациясының азаматы. Ол Владивостоктан Қостанайға ұсатқышты апара жатып, 7 мың шақырымды еңсерген, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

СҚО аумағында трал-алаң көп тонналық агрегаттың салмағына төтеп бере алмады. Сынуды жөндеу үшін автокран қажет болды. Полиция жергілікті кәсіпорындарға жүгінеді, бірақ қуатты көтергіш бірден табылмапты. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары трал-алаңын қайта дәнекерлеген мамандарды табуға көмектеседі. Ресей азаматы мамандарға және оған көмектескен барлық солтүстікқазақстандықтарға шын жүректен алғыс айтты.

“Батальонның жауапкершілік аймағында, яғни облыс аумағында 1347 км халықаралық және республикалық жолдар бар. Оларға күн сайын екі ауысымда 64 қызметкер қызмет көрсетеді. Кезекшілік барысында қызмет инспекторлары түрлі оқиғаларға тап болады. Олардың міндеті – жәрдем көрсету, автожолдарда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту”, — дейді СҚО ПД ППБ командирі полиция майоры Валихан Оразалин.

Shares