Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы: несиеге үйлерді жөндеу неге тиімді?
Жаңа үйлердің құрылысымен қатар қалада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы да жүзеге асырылуда, оның аясында қазір көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілуде. 2021-2022 жылдары жаңғыртуға республикалық бюджеттен 2 млрд теңге көлемінде несие бөлінді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бөлінген қаржыға 38 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 28 үйдің шатыры күрделі жөндеуден өтті. 10 үйдің лифтері ауыстырылды. Бүгінгі таңда 33 үйде жұмыс аяқталды, қалған 5 үйде жұмыс жалғасуда.
«Құрметті қала тұрғындары, Сіздер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында үйлеріңізді жөндеуге мемлекеттік көмекті пайдалана аласыздар. Ол үшін сіздерге қажетті құжаттарды жинау керек. Жобаға қатысу өз еріктеріңізде. Біз сіздерді бұл бағдарламаға қатысуға мәжбүрлемейміз. Жұмыстың түрі мен мердігерді өздеріңіз таңдайсыздар», – деді Серік Мұхамедиев.
Айта кетейік, ортақ мүлікті жаңғырту үшін қаржы қайтарымды негізде, 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,1%-бен беріледі. Бағдарламаға қатысу туралы шешім пәтер иелерінің жалпы жиналысында қабылданады.