Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғындары өздеріне тиесілі төлемдерді алуда

Су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғындары өздеріне тиесілі төлемдерді алуда

Большая Малышка ауылының тұрғыны Вера Винокурованың үйі су тасқынынан зардап шеккендердің қатарына кіреді. Су тереземен бірдей болған, ауыл тұрғынының барлық мүлкі зардап шекті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Вера Борисовна ауданның өзге тұрғындары сияқты алғашқы көмекті алды. Жәрдем – 100 АЕК. Жерлесіміздің үйі қалпына келтіруге жарамды деп танылды. Ол таяу арада негізгі жөндеу жұмыстарына кіріседі. Жақында Вера Винокурова топан судың оның мүлкіне келтірген зияны үшін төлем алды.

“Маған көмектескендердің барлығына ризамын. Алғашында 100 АЕК көп көмектесті, гуманитарлық көмекті пайдаландық, ол үшін де рахмет айтқым келеді. 150 АЕК те жақсы көмек болды, жиһаз бен техникадан көп нәрсені ауыстыру керек”, – деді Большая Малышка ауылының тұрғыны Вера Винокурова.

Shares