Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жамбыл ауданында сүт фермасы салынып, су-жол мәселелері шешілуде

Жамбыл ауданында сүт фермасы салынып, су-жол мәселелері шешілуде

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс бабымен Жамбыл ауданында болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өңір басшысы Благовещенка ауылында «Атамекен Агро» ЖШС, «Екпін 2002» қой фермасының және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытып жатқан «Мысов» жеке кәсіпкерінің қызметімен танысты. Пресновка маңында «Агротехника Жамбыл» жаңа сүт фермасын салуда. «Шатило и К» шаруашылығында болып, диқандармен кездесті. Сондай-ақ “Лесная поляна” балалар сауықтыру лагерінің жұмысын тексерді.

Пресноредуть ауылында да оң өзгерістер орын алуда. Пресноредуть ауылынан облыс шекарасына дейінгі жол орташа жөндеуден өтуде. Бос тұрған ғимаратты мәдени-демалыс орталығына айналдыру бойынша күрделі жөндеу жүргізілуде. Жергілікті кәсіпкер Руслан Асхабов ауылды жаңа піскен нанмен қамтамасыз ететін наубайхана ашты.

Облыс әкімі мәдениет үйінде Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Ауылдықтар сауалдарын қойып, оларға ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Озерное, Архангельское және Пресновкада білім беру нысандары күрделі жөндеуден өтуде. 5 ауылда ауылішілік жолдар жаңартылады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Пресновкада хоккей корты, Айымжан мен Баян ауылдарында екі медициналық пункт ашылмақ. Айтуар, Кабань, Баян ауылдарында су тазартатын кешенді блок модульдері орнатылады. Пресновкада су мұнарасы орнатылса, Благовещенкада блокты-модульдік су құбыры сорғы станциясы іске қосылады.

Shares