Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Күзде ерекше балаларға арналған “Асыл Мирас” орталығы өзінің 5 жылдығын атап өтеді

Күзде ерекше балаларға арналған “Асыл Мирас” орталығы өзінің 5 жылдығын атап өтеді

“Асыл Мирас” аутизмі бар балаларды қолдау орталығы 2019 жылы ашылды. Осы сәттен бастап онда 1200-ден астам жас солтүстікқазақстандық білім алды, деп хабарлайды QZ Меdia тілшісі.

“Қазір орталыққа 23 адам келеді. Біз келушілерге 3 айға созылатын 6 бағдарламаны ұсынамыз. СҚО аудандарынан келетін балаларға арналған арнайы курс бар, эмоционалды күйзеліске ұшыраған ата-аналарға арналған қолдау курсы да құрылған. Ұжымда 13 педагог жұмыс істейді”, – деді “Асыл Мирас” аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының әдіскері Құралай Сақтағанова.

Орталықта балалар тегін тәлім алады. Бағдарламаны бастамас бұрын барлық бала диагностикадан өтеді. Барлық сабаққа ата-аналар қатысады.

“Біз ерекше балалар санының артып келе жатқандығын байқап отырмыз, жұмысымыздың басында орталыққа аз бала келді. Диагностика жақсарып келеді, ата-аналар жүгінеді, біз бәріне көмектесуге тырысамыз. Сонымен қатар, бізде ата-аналарға арналған оқыту семинарлары бар. Барлық бала психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиядан кейін келеді, содан кейін ата-аналар түзету қызметтерін бізден алғысы келетіндігі жөнінде өтініш жазады, сосын кезек бойынша диагностикаға шақырамыз. Ол бізге жеке бағдарламаны таңдауға көмектеседі”, – деді Құралай Сақтағанова.

Shares