Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ақжар ауданында ауылішілік жолдарды жөндеуге 700 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады

Ақжар ауданында ауылішілік жолдарды жөндеуге 700 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады

Ақжар ауданында жолдарды жөндеуге 3,5 млрд теңге бөлінді. Бұл сома ауыл тұрғындарының өмірін жақсартатын 10 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бүгінде Талшық және Майское ауылдары арасындағы жол учаскесін жөндеу жұмыстары басталды.
Оның ұзындығы 40,5 км құрайды.

Майское және Ұялы ауылдары арасындағы жол учаскесін жөндеу жалғасуда. Оның ұзындығы – 37,5 км. Мердігер – “Новинтех” ЖШС. 33 шақырымнан астам жолды жөндеу жұмыстары шілде айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Дәл осы компания жалпы ұзындығы 18 км болатын Ұялы-Ақсары учаскесіне де ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, Ақжар ауданында Горьковское, Ұялы, Талшық, Қызылту, Бостандық ауылдарындағы көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін 723,9 млн теңге бөлінді.

Shares