Сенат депутаттары Петропавлдағы әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін тексерді
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары “Қазақстан Халық Банкі” АҚ СҚОФ-ға қарасты №2 дербес сервис орталығына барды. Олар қаржы институтының өз клиенттеріне ерекше қажеттіліктермен қамқорлық жасайтындығына жеке көз жеткізді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Жеке сервис орталығы күніне 240-қа дейін жеке тұлғаны қабылдайды. Ал айына көрсеткіш 3 мыңнан асып жығылады. Тұрақты клиенттер қатарында 7 мүгедек азамат бар, орталықта 11 қызметкер жұмыс істейді.
“Біз әртүрлі нысандарға барамыз, бүгін су тасқынынан зардап шеккендермен кездестік, олардың қазіргі тұрғын үй жағдайы туралы білдік, азаматтардан “көмек керек пе?” деп сұрадық. Сонымен қатар, біз ерекше солтүстікқазақстандықтар үшін нысандардың қолжетімділігін зерттеп жатырмыз. Ұйымдардың өкілдері ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қамқорлық жасағаны көңіл қуантады. Банкте пандус қарастырылған, тактильді жолақтар, арнайы касса бар, онда арбадағы адам оңай қызмет алады, жуынатын бөлме де жабдықталған”, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева.