Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғ. Мүсірепов ауданында11 ауылдың көшелерін жөндеуге 895 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Ғ. Мүсірепов ауданында11 ауылдың көшелерін жөндеуге 895 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Ағымдағы жылы Ғ. Мүсірепов ауданында жол жөндеу жұмыстарына 2,2 млрд теңге бөлді. Бұл қаржы аудандағы 15 өзекті жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бүгінде «МГА Дорстрой» ЖШС Шұқыркөл-Андреевка арасындағы тас жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ұзындық – 13,6 шақырым. Березовка ауылы маңындағы жолды жөндеуге де осы компания жауапты. Мердігер мұнда 8 шақырым жолды қалпына келтіреді. Ал ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Бірлік ауылына кіреберіс жолды «Артосам» ЖШС жөндеуде.

Ғ. Мүсірепов ауданында Новоселовка-Шұқыркөл бағытындағы жол да жөнделуі тиіс. Мұндағы ұзындық – 24,4 шақырым. «Құрылыс Сервис СК» ЖШС биыл «Тахтаброд-Ковыльное» тас жолын орташа жөндеуге материал сатып алуды жоспарлап отыр. Осындай жұмыстарды Чернозубовка-Рузаевка бағытында жүргізу үшін «Артосам» ЖШС де темірбетон құбырларын сатып алуда, бұл іске 200 млн теңге бөлінді.

Қоса кетейік, Ковыльное, Ставрополка, Возвышенка, Чернозубовка, Раисовка, Ломоносовка, Ефимовка, Будённое, Тоқсан би, Володарское және Разгулное ауылдарының көшелерін жөндеуге 895 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Shares