Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Қолдаусыз қалдырмаған Президентке ризамын”: Қызылжар ауданының тұрғыны жаңа үйге кірді

“Қолдаусыз қалдырмаған Президентке ризамын”: Қызылжар ауданының тұрғыны жаңа үйге кірді

Жұлдыз Нұрпейісова су тасқынына дейін Тепличное ауылында тұрды. Бағалау жұмысы жүргізілді, нәтижесінде азаматшаның үйі апатты деп танылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Қорытынды шыққасын жерлесіміз үй іздеді. Тапты, жаңа баспанаға біртіндеп қоныстанды.

“12 сәуір күні су келді. Апаттың беті қайтқаннан кейін бағалау болды. Екінші комиссияға қарай апатты үйдің орнына берілетін үй таптым. Жаңа үйдің ішінде өзімді жайлы сезінемін, мұнда жақсы адамдар өмір сүрді, іші кең. Президентке бізді тастамағанына ризамын. Барлық зардап шеккендерге тұрғын үй мәселесін тезірек шешуге, жөндеу жұмыстарын аяқтауға тілектеспін. Баршаңызға бақыт тілеймін, бәрі жақсы болсын”, – деді Жұлдыз Нұрпейісова.

Shares