Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тимирязев ауданында жолдар мен су өткізгіш құбырлар жөнделуде

Тимирязев ауданында жолдар мен су өткізгіш құбырлар жөнделуде

Тимирязев ауданында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, Хмельницкое ауылына кіреберіс жол жөнделді. Ұзындығы 9 км жол төсемін “ДорожникАшықАспан” ЖШС мамандары ретке келтірді. Сонымен қатар, Есіл-Ақсуат автожолының 19 км жөнделді, мердігер – “СотисГрупп” ЖШС, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Хмельницкое-Целинное автожолын орташа жөндеу жобасы да іске асырылуда. Учаскенің ұзындығы – 24,3 км, мұнда “ДорожникАшықАспан” ЖШС жұмыс істеп жатыр. Ал ұзындығы 7 км құрайтын Достық ауылына кіреберіс жолды “Оңтүстік Ғимарат” ЖШС жөндейді.

Тимирязев және Степное ауылдарындағы көшелерді жөндеуге 600 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Тимирязев ауданында су өткізу құбырларын орнату бойынша 13 жоба жүзеге аспақ, оған 159,7 млн теңге бөлінді. Жолдарды жөндеуге байланысты жобаларға келетін болсақ, ауданда 6 жоба бар. Жұмысқа 1,8 млрд теңге бағытталды.

Shares