Марат Тасмағанбетов СҚО-ның екі ауданындағы ауыл шаруашылығы жұмыстарын тексерді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жұмыс сапарымен Шал ақын және Тайынша аудандарында болып, ауыл шаруашылығы жұмыстарының барысымен және аграрлық саланың дамуымен танысты, деп хабарлайды QZ NEWS.
Шал ақын ауданында Марат Тасмағанбетов қант қызылшасының тәжірибелік алқабын аралап, өсімдіктердің жай-күйін қарап, агротехникалық жұмыстардың орындалуын бақылап өтті.
Өңір басшысының орынбасары өнімді сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударды. Ол картопты жинау және сақтау технологиясымен танысып, көкөніс қоймасын аралап, өнімді сақтау жағдайы мен нысанның жалпы инфрақұрылымын бағалады.

Тайынша ауданында Марат Тасмағанбетов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде орақ науқанының қорытындылары, мал шаруашылығын дамыту перспективалары және аграрлық саланың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Ауданның мәліметінше, дәнді дақылдарды жинау 85 пайызға орындалған. Көптеген шаруашылықтар орақтың соңғы кезеңіне шыққан, астық жинау науқаны аяқталуға жақын, майлы дақылдарды жинау жалғасуда. Мемлекеттік қолдау шаралары мен еңбекқор диқандардың адалдығының арқасында биыл жақсы өнім жиналды.

Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары ауыл еңбеккерлеріне адал еңбектері мен өңір дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
